Кашалоттың ішінен құны 500 мың еуро болатын қалқымалы алтын табылды

Кашалоттың ішінен құны 500 мың еуро болатын қалқымалы алтын табылды

Ла-Пальма Канар аралының жағалауына шығып қалған өлі кашалоттың ішінен құны 500 мың еуроға бағаланатын бағалы тас табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

The Guardian басылымының жазуынша, Лас-Пальмас университеті Жануарлар денсаулығы және азық-түлік қауіпсіздігі институтының басшысы Антонио Фернандес Родригес сүтқоректінің өліміне не себеп болғанын анықтамақ болған. Кашалоттың ас қорыту жүйесінде проблема болу мүмкін екендігіне күдіктенген ол тоқ ішегін қарап, оның ішінде қатты бір заттың тұрып қалғанын анықтаған.

 

«Тоқ ішектен алып шыққаным диаметрі 50-60 см, салмағы 9,5 келі болатын тасқа ұқсайтын зат болды», - деді ол.

 

Ғалым тапқан зат қалқымалы алтын деп аталатын өте сирек кездесетін сұр амбра болып шықты. Амбра ғасырлар бойына парфюмерлердің қасиетті граалі саналады. Табылған амбраның құны шамамен 500 мың еуро тұрады.

 

Кит кальмарлар мен теңіз құрттарын өте көп жейді. Сүтқоректі олардың бәрін қорыта алмай құсып тастайды. Бірақ, біразы киттің асқазанында қалып, жылдар өте келе сүр амбраға айналады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста