Ит қапқан тұрғын 5 айдан кейін қайтыс болды
Өзбекстандағы Баяут ауданында иті өз иесін тістеп алған. Салдарынан ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі nuz.uz сайтына сілтеме жасап жазды.
2023 жылдың 18 шілдесінде сағат 19:20-да Сырдария облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына құтырма ауруын жұқтырған 64 жастағы ер адам түскен. Ақпанда өзінің иті сол жақ балтыры тұсынан тістеп алған.
Өкінішке қарай, аса мән бермей, шілдеде ғана емдеу мекемесіне жүгінген.
Кешігіп келгенні салдарынан, ер адам 19 шілдеде сағат 21:35-те Сырдария аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болғаны айтылды.
Мәйіт сараптамаға жіберіліп, мамандар қайтыс болған ер адамның тұрғылықты жеріне барып, иттің тағы да басқа біреуді тістеп алғанын анықтаған.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz