Иранда жүзден астам оқушы қыз уланып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Осылайша, өткен жылдың қарашасынан бастап уланғандар саны 1200-ден асып отыр.
«Араб-ньюз» басылымының хабарлауынша, Тегеран, Ардабил және Құмдағы мектептерге газбен шабуыл жасалған. Оқушылардың тыныс алуы қиындап, бастары айнылып құлаған.
Осы іске байланысты 3 күдікті қамауға алынды.
Оқу орындарынан азот қышқылының қалдығы анықталды.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл фактілер қыздар мектебін жабу үшін қасақана жасалып отырғанын айтты.