Иран Қырым мәртебесі туралы көзқарасын білдірді
Иран ядрролық бағдарламасына, ал Ресей Украинаға басқыншылығына байланысты батыс елдері тарапынан қатаң экономикалық шектеуге ұшыраған, яғни, санкция салынған мемлекеттер. Аталған екі ел де бір-бірімен стартегиялық әріптестік орнатқан одақтас елдер, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Соған қарамастан Парсы елінің билігі Ресей басып алған Украина құрамындағы Қырым түбегі мен тағы төрт облысты Ресейге тиесілі емес деп есептейді.
Дәлірегі, Иран сыртқы істер министрлігінің жетекшісі Хұсейн Әмір Абдолла:
«Біз халықаралық заңдар аясында елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындаймыз, сондықтан Теһран мен Мәскеу арасындағы достық қарым-қатынастарға қарамастан, біз Қырымның..., Луганск және Донецк облыстарының Украинадан бөлінуін мойындамадық... Сыртқы саясаттағы дәйекті принцип: біз Украинадағы қақтығыс шешім емес деп айтсақ, біз өзіміздің іргелі саяси принцип ретіндегі ұстанымымызға сенеміз», деп мәлімдеді.