Грузия халқы ресейлік туристерді елге кіргізбей қойды

Грузия халқы ресейлік туристерді елге кіргізбей қойды

Ресейдің Сочи қаласынан Грузияның Батуми қаласына келген туристер елдеріне кері қайтты. Грузия халқы ресейлік туристер отырған Astoria Grande лайнерінің Батумидің портына келуіне қарсы шығып, наразылық білдірді. Соның нәтижесінде лайнерге отырған ресейлік туристер грузин жеріне табын тіремей, кері кетуге мәжбүр болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Наразылық акциясы Тбилиси мен Батуми қаласында өткен. Оған ресейлік туристердің Грузия сайттарына берген сұхбаттарында: «2008 жылы Ресей Абхазияны грузиндерден азат етті» деген пікірі себеп болған. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» дегендей, осы сөз ілезде гурзиндер арасыеда тез тарап, оның соңы наразылық акциясына ұласқан.

 

Әуелі наразылық білдірушілер Тбилисидегі Парламент үйінің алдына жиналды. Сол жерде белсенділер Ресей туын өртеп жіберген. Ал Батумидегі наразылық акциясына халық Ресейге қарсы сөздер жазылған плакаттар мен транспоранттар алып шыққан.

 

Наразылық акциясы күшейген соң лайнер Батуми портынан кетуге мәжбүр болған.

 

Енді Грузия Ішкі істер министрлігі Абхазияға барған ресейлік туристерге қатысты қылмыстық іс қозғауы мүмкін делінуде. Грузия заңнамасына сәйкес оккупациядағы аймаққа барған адам қылмыс жасаған болып шығады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста