Грекияда әлемнің жеті кереметінің бірін қайтадан қалпына келтірмек

Грек сәулетшілері командасы бұдан 2000 жыл бұрын бұзылған Родостағы Колосс ежелгі мүсінін қалпына келтіру жобасын ұсынды.
Жобаның бас сәулетшісі Арис Палластың айтуынша, жаңа Колосс грек экономикасының қалпына келтірілуін бейнелеуі тиіс.

«Біз Грекия қайтадан аяғына тұра алатынын көрсеткіміз келеді, экономиканы қайта қалпына келтіруге елдің күші жетеді», - деді Паллас.

Сәулетшілердің пайымдауынша, жаңа мүсін түпнұсқасындағыдан бес есе үлкен болып, биіктігі 135 метрге жетпек. Монумент бұрынғы орнына, Родос порттық қаласының қойнауына кірер жерге орнатылады, қалаға кіретін кемелер ежелгі дәуірдегі сияқты алып мүсіннің аяқтарының арасынан өтеді, деп хабарлады moya-planeta.ru.

«Біз ежелгі Колосстың көшірмесін қайталамаймыз. Біз оны жетілдіріп, символдық бейнеге айналдырамыз. Біз бүкіл әлемнен адами және қаржылық ресурстарды іске қосамыз. Сөйтіп, ол жаһандану символы болады және сонымен қатар ежелгі Колосспен байланысты грек мәдени дәстүрлерін жаңғыртамыз», дейді Паллас.

Мүсін қола түстес күн батареяларымен жабдықталады. Колосс ішінде ежелгі мұражай және кітапхана болмақ. Оны жасаушылардың есебінше, мүсінді тұрғызу 250 млн. еуроға түспек. Бұл қаржы шамамен жеті жылда өзін ақтайды: жоба авторларының есебінше, Колосс туристерді тарту есебінен жылына 35 млн. еуроға тарта табыс әкелмек.

Әзірге жобаны қаржыландыру көздері анықталған жоқ. Сәулетшілер оны жүзеге асыру үшін жеке демеушілерді және мемлекеттік бюджеттен қаржы тартпақшы.

Родостағы Колосс - ежелгі гректің Күн құдайы - Гелиостың алып мүсіні, ол Грекияда, Эгей теңізіндегі осымен аттас аралдағы Родос порттық қаласында болған. Ол әлемнің жеті кереметінің бірі. Оның биіктігі шамамен 36 метр болды. Колосс 65 жыл тұрды. Біздің жыл санауымызға дейінгі 222-ші немесе 226-шы жылы Родостағы жер сілкінісі салдарынан қирады.
 ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста