Интернетте неміс ұлтының тойында қазақша сөйлеп, ән айтқан бейнежазбаны жұрт талқыға салды. Бейнежазбада неміс баласы той жүргізушісімен бірге жас жұбайларға қазақша ән арнаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Неміс ұлтының үйлену тойындағы қазақи сәттің бейнежазбасы Facebook-те тарады. Видеода жас жұбайлардың тойын жүргізген жігіт жас баланы жанына шақырып "неміс тілінде қазақша түсінесің бе, ән айта аласың ба?" деген сұрақ қойғанын байқауға болады. Мұнан кейін екеуі бірігіп, әнші Ахан Отыншиевтың "Шудың бойында" атты әнін орындайды.
Қазақша білесің бе? Қазақша ән айтып береміз бе? Қане, шудың бойында деген әнді шырқайық, — дейді бейнежазбада балаға той жүргізушісі.
Олардың бұл әрекетіне желідегі жұрт жаппай жылы пікірлерін қалдырды.
"Қазақты жан-тәнімен түсініп, шексіз жақсы көретін бір халық болса, ол немістер дер едім". "Ақсуаттан көшіп кеткен неміс отбасы. Олар қазақша оқыған ғой кезінде". "Жарайсыңдар, міне қазақтарға деген құрмет." "Күшті, сағын-ау елді, көңілің толқиды", деп жазды желідегі оқырмандар.