Данияр Кесікбаевтің анасы АҚШ-та сөмкелер үшін істі болды
Майра Құрманғалиева АҚШ-та істі болды. Оны Hermes маркалы сөмкелерге 400 мың доллар төлемей қойды деп айыптап отыр.
Бұл туралы New York Post-қа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
“Қазақ әйелі Майра Құрманғалиева 400 мың доллар тұратын жүздеген Hermes маркалы сөмкелерді алып, оның ақысын төлемей кетті”, – деп жазады шетелдік басылым.
Басылым ақпаратына сәйкес, Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі 2011-2015 жылдары Financial District business Samilor компаниясынан сөмкелерге тапсырыс беріп, әлі күнге дейін оған ақша төлемеген. Бұл туралы Манхэттен сотының арызында да айтылады.
Samilor басшысы Белла Белкиннің айтуынша, ол ақшаны сот арқылы өндіріп алатынын мәлімдегенде, Құрманғалиева оның отбасына қоқан-лоқы көрсеткен.
Белкинге сенсек, Құрманғалиева «Менің ұлымның кім екенін білесің бе? Ол Малайзия премьерінің күйеу баласы. Егер мені сотқа берсең, саған және отбасыңа қиянат жасаймын», – деп қорқытқан-ды.
“Ал Назарбаеваның қорғаушысы бұл ақпаратқа түсініктеме бермей отыр”, – деп жазады басылым.
nur.kz