Рединг ағылшын қаласының тұрғыны эметофобия-құсу мен жүрек айну алдындағы қорқыныш салдарынан жұмыстан және достарынан айрылды деп жазады KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ге сілтеме жасап.
Сайан Маклин алғаш рет алты жыл бұрын құсудан қорқа бастағанын сезді. Ол отбасымен демалуға ұшқалы отырған, алайда әуежайда бір адамның жағдайы нашарлап кетті. Оны көрген Сайан шошынып қалған.
Уақыт өте келе оның қорқынышы мектеп достарымен қарым-қатынасы құлдырағанша күшейе түсті. Егер мектепте біреу өзін нашар сезінсе, ол бірден сабақтан сұранып үйіне кететін және достардың үйінде түнеп қала алмайтын.
2015 жылы оған эметофобия диагнозы қойылды. Яғни, ару құсу және нашар көңіл-күйден қорқады. Қорқыныштың қатты болғаны сонша, Маклин үйден шықпай, жұмыстан шығып кетті.
Дәрігерлер оған тыныштататын дәрі жазып берді. Кейінірек Маклин гипнотерапия жасады, бірақ одан айтарлықтай нәтиже болмады
2017 жылдың қыркүйек айында фобия салдарынан қыз тым көп дәрі-дәрмек қабылдап, денесін бақылай алмай, жүрек талмасының белгілерін сезді. Аруды ауруханаға жатқызған кезде оның қорқып қалғаны анықталды.
Ол тәулік бойы әрең дегенде тамақ ішіп, өзін нашар сезінеді. Қыз анасының үйіне келгенде диванда немесе жуынатын бөлмедегі еденде ұйықтайтын. Ол осылайша жүрегі айныса, бәріне дайын болуға тырысты.
Маклиннің жігіті Макс оны қолдады, бірақ олардың қарым-қатынасы айтарлықтай бұзылды, себебі ол бойжеткен үйден еріншектігі үшін шықпайтын деп ойлаған екен.
2019 жылдың мамыр айында 22 жастағы Маклин экспозициялық терапия әдісімен қорқынышымен күресуді шешті. Ол күн сайын бес минут YouTube желісінен жүрегі айныған адамдарды көре бастады. Роликтерді көру Маклинге көмектесті, енді ол үйден шыға алады.
Қыз эметофобияны толығымен жеңу үшін әлі де жұмыс істеп жатыр. Ол жүрегі айныған сәттерге жеңіл қарауға тырысуда.