Бес жасында ана атанып, әлемді дүрліктірген әйел өмірден озды (фото)

Бес жасында ана атанып, әлемді дүрліктірген әйел өмірден озды (фото)

Оңтүстік Америкадағы Перу елінде адамзат тарихындағы ең жас ана атанған әйел 82 жасқа келіп өмірден озды. Бұл туралы lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Лина Медина бес жасында бала көтеріп, оны аман-есен өмірге алып келгені үшін әлемге танылған.

Оқиға 1939 жылы Перуде тіркелген. Күннен күнге іші үлкейген қызды ата-анасы ауруханаға алып барады. Мамандар алғашында оның ішінде ісік бар деп ойлаған. Себебі бес жасар қыздың бала көтеруі мүмкін деген ой ешкімнің ақылына сыймайды. Алайда Лина сол кезде жүктіліктің жетінші айына келген екен.

Бұл әлем бойынша тым ерте жастағы жүктілік ретінде тіркелген жалғыз оқиға. Ағзадағы ауытқудың салдарынан қыздың дамуы өте ерекше жүйеде өрбиді. Сәбиге сегіз айлық кезінен бастап жүйелі түрде етеккір келіп, төрт жасқа толғанда сүт безі дами бастаған.

23 жастағы Лина Медина 18 жастағы тұңғыш ұлымен. Фото: lemurov.net

Осылайша Лина тоғыз ай көтеріп, Жерардо есімді ұл баланы үш келі салмақта босанады. Оны дәрігерлер кесер тілігі арқылы босандырып алады. Нәрестенің дене мүшелері сау, қалыпты болып туылған.

Лина Медина тұңғыш баласымен. Фото: lemurov.net

Бойжете келе Лина тұрмысқа шығып, бірнеше баланы дүниеге алып келген. Ол ұзақ өмір сүріп, 82 жасында қайтыс болды.

Ерекше дамуды бастан өткерген әйелдің тұңғыш баласын кімнен туғаны сол бойы құпия күйінде қалды. Ғалымдар пікірі бұл тұрғыда екіге жарылды. Бір топ мамандар даму өзгешелігіне сәйкес қыздың өздігінен жүкті болғанын айтады.

Лина Мединаның қарт кезі. Фото: lemurov.net

Ал кейбір зерттеушілер Линаны ерте жаста зорлық көрген болуы мүмкін деседі. Себебі дүние жүзінде жұпсыз жүкті болған адам әлі тіркелмеген.

Қалай болғанда да Лина адамзат тарихындағы ең кішкентай ана ретінде ел есінде қалмақ. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста