Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік-батысындағы Фукуока қаласында белгісіз біреу пышақпен шабуылдап, бес адамды жарақаттады, деп ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, оқиға сейсенбі күні таңертең Фукуока қаласының Хаката ауданындағы муниципалды тұрғын үй ғимаратында болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бес адам зардап шеккен. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Шабуылдаушыны мұндай жағдайға неліктен барғаны әзірге белгісіз.
Басқа мәліметтер туралы хабарланбай отыр.