Қытайда белгісіз біреу балабақшаға шабуыл жасап алты адам көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қытайда жантүршігерлік оқиға. Елдің Гуандун провинциясында белгісіз біреу балабақшаға шабуыл жасап, 6 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың екеуі бала.
Мұндай зұлым әрекетке барған 25 жастағы ер адам қамауға алынды.
Қазір оны қылмысқа не итермелегені анықталуда.
Қайғылы оқиға таңғы сағат 8 шамасында болған.
Сарапшылар жалпы "Қытайда бұрын қылмыстық және зорлық-зомбылық оқиғалары көп тіркелмейтін" дейді. Бірақ соңғы жылдары білім ордаларында, мектепке дейінгі тәрбие орындарында мұндай жағдайлар жиі кездесетін болған.