Мәскеудегі «Сбербанк» бөлімшесіне кассадан ақшасын алу үшін тыр жалаңаш қыз кіріп келіпті, деп хабарлайды 360tv.
Киім атаулыдан жұрдай, тек иығына сөмке ғана іліп алыпты.
Бірақ ресейліктер қызық екен: бұған ешкім де пәлендей мән бермепті. Банкке келген адамдар да, қызметкерлер де өз жұмыстарын тып-тыныш жалғастыра беріпті. Қызметкерлер, тіпті, жалаңаш қызға қажетті қызметін үндемей көрсетіпті.
Әйелдің не себепті киімсіз жүргені ешкімге белгісіз.