БАӘ ғарыш аппараты Марсқа жетіп қалды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Марсқа аттандырған «Әл-Амаль» немесе «Үміт» деп аталатын ғарыш аппараты қызыл ғаламшарға жақындап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зонд оған ертең қонуы тиіс. Мамандар бұл операция миссияның ең қиын сәті екенін айтады. Өйткені зерттеу аппараты ғаламшар өрісіне кіргенде уақытша байланыс үзіліп, ол аспан денесіне өзі қонуы керек болады. Егер операция сәтті өтсе, зонд ары қарай ғаламшардың атмосферасын зерттеуге кіріседі. Ал алғашқы мәліметтерді қыркүйек айына қарай жібереді деп жоспарланған. Жалпы қызыл ғаламшарды зерттеу 2 жылға созылмақ.

- Біз бұл аппаратымызды ғарышта алғаш рет қолданғалы отырмыз. Мақсатымыз &ndash Марстың қазіргідей тіршілігі жоқ ғаламшарға айналуына не себеп болған деген сұраққа жауап іздеу. Бұл бізді ғана емес, бүкіл адамзатты толғандырып отырған мәселе. Зерттеу нәтижесінде тың мәліметтерге қол жеткіземіз деп сенеміз, - дейді Emirates Mars Mission жобасының директоры Омран Шараф.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктері бұған дейін ғарышқа екі жерсерігін ұшырған. Олардың алғашқысы Оңтүстік Кореяда, екіншісі Ресейде жасалған еді. Ал «Әл-Амальды» осы елдің өз мамандары дайындаған. Ол Марсқа былтыр шілде айында Жапониядан ұшырылған еді. Жергілікті билік жоба ел жастарының білім мен ғылымға талпынсын арттырады деген үмітте.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста