Британиялық компания ерекше робот ойлап тапты. Бұл жолғы құлтемір мейрамханаларда аспазшының орнын алмастыра алады.
Роботтың жадына 2000 түрлі тағам енгізген. Олар барлық қажетті өнім дайындалған жағдайда, тағамды өз бетінше әзірлейді.
Ептілігі жағынан робот кез келген «мен» деген аспазшыны шаң қаптырады. Кәдімгі қамырды илейді, дайындау температурасы мен уақытын реттейді, асты араластырып, дайын болғаны туралы хабар береді.
Аспазшы-робот әзірге жалғыз нұсқа. 2017 жылға қарай мұндай машиналар тапсырыс бойынша шығарылмақ.