Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан полициясы арасында атыс болды.
Екі жақтан да қаза тапқандар мен жараланғандар бар, деп жазады qazaqstan.tv.
Тараптар атысты кім бірінші болып бастағанына қатысты түрлі айғақ келтіреді. Әскерилер қару-жарақ пен оқ-дәрі тасымалдауы мүмкін көлікті тексермек болды деген ақпар бар.
Мұндай мәліметті Әзербайжан Қорғаныс министрлігі таратты. Ал Арменияның полицейлері жұмысқа бара жатып, қоршауға түскенін айтады.