АҚШ-та полицияға ұсталған мас жүргізуші көлікті иті жүргізгенін айтып ақталған
АҚШ-та жылдамдықты асырғаны үшін полиция тоқтатқан көлік жүргізушісі рөлге итін отырғызып, жазадан құтылып кетуге тырысқан. Қызық оқиға Колорадо штатының Спрингфилд қаласында болды, деп жазады AP News.
Полиция қызметкері ер адамның сыртқа шығуын күтіп қарап тұрған. Алайда жүргізуші біршама уақыт кідіріп, содан соң жолаушы отыратын жақтан шыққан.
Тәртіп бұзған жігіттің мас екені көрініп тұрған әрі ол көлікті өзі басқармағанын, рөлде итінің болғанын айтып ақталған.
Полиция қызметкері одан қанша ішімдік ішкенін сұраған кезде, жігіт тұра қашқан. Дегенмен көпке ұзамастан қолға түсті.
Жүргізуші қамауға алынбас бұрын ауруханаға жөнелтілді. Тексерістен кейін оның мас күйінде көлік жүргізгені және басқа да заңбұзушылықтар жасағаны анықталды.
Итті ұсталған адамның досы уақытша өз қарауына алды. Құқық қорғау органдары жануарға «еш айып тағылмағанын, тек ескерту жасалғанын» айтқан.