АҚШ-тың Уиллоубрук қаласында мереке кезінде атыс болып, 22 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
1 тұрғын қаза болды.
Оқиға сауда орталығының жанында орын алды.
Белгісіз ер адам кешке жиналған жұртқа аяқ астынан оқ атқан.
Полиция қаскөйді ұстаған, ұстамағаны белгісіз.
Рик Вагнер, жергілікті тұрғын:
- Өткен жылы полиция бізге енді мереке кездері мұндай зорлық-зомбылықты бодырмауға күш саламыз деп сендірген еді. Бірақ мереке сайын осындай оқиғалар қайталанып тұрады. Бұл қашанғы жалғасады.
Жеткіншек кешке жиналғандарға оқ атты - АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында да атыс болып, 1 адам көз жұмды. Тағы 10 кісі жарақат алды.
Мұнда зорлық-зомбылық ғимарат ішінде сауық кеші кезінде болды. Жарақат алғандардың көбі жасөспірімдер.
Полиция адамдарға оқ атқан 17 жасар тұрғынды ұстады.
Оның мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз.