АҚШ сауда министрлігі 37 құрылымға, оның ішінде ресейлік, беларусьтік әрі 30-ға жуық Қытай фирмаларына қатысты экспорттық шектеулер енгізу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Федералды тізілімде - америка үкіметінің ресми құжаттар жинағында жарияланған хабарламада айтылған.
Хабарламада айтылғандай, АҚШ сауда министрлігінің құрамына кіретін Өнеркәсіп пен қауіпсіздік бюросы қара тізімге "37 құрылымды қосады".
Олардың қатарында Ресейде орналасқан DMT Electronics фирмасы, сондай-ақ беларуссиялық DMT Trading LLC бар.