2019 жылдың көктемінде "Жалынды күн", - деген клубта қыз-келіншектердің жаппай көргендері белгілі болып, Оңтүстік Кореяда үлкен дау туған еді. Бұл туралы kaz.caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Дау тудырған зорлық-зомбылық ісіне Кореядағы әйгілі Чо Джун Ён мен Чхве Джун Хун есімді әншілердің қатысы бар болып шықты. Танымал әншілер қыздарды зорлап, оларға алдын ала есірткі беріп, видеоға түсіріп одан кейін видеоны арнайы чатқа жіберіп отырған.
Чо Джун Ён мен Чхве Джун Хун өткен жылдың қараша айында 5 және 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Алайдағы жыныстық қатысты дау-дамай туралы жаңа деректор пайда болды.
"Big Bang" тобында өнер көрсетіп келген әншісінің секс-қызмет көрсету үшін арнайы чатта қыздарды іздегені белгілі болып отыр.
Әйгілі әншілер қауымы қыз-келіншектерге есірткі беріп, зорлап, оларды видеоға түсіріп, одан кейін видеоны чатқа жіберіп отырған. Ол чатта тек қана әншілер ғана емес, полиция қызметкерлерінің де болғаны белгілі болып отыр.
Айта кететін жайт, аталмыш клубқа қатысы бар, секс-қызмет жасаған 350-ге жуық адамның болғаны белгілі болды. 1600-дан астам қыздар зорланып, жапа шеккен. Сонымен қатар, зорланған арулардың ішінде кәмелетке толмағандар да бар.