Әлеуметтік желілерде балалар органын сататындар туралы видео тарады

Әлеуметтік желілерде балалар органын сататындар туралы видео тарады

Әлеуметтік желілерде екі бөліктен тұратын ролик тарады. Біріншісінде бір топ кісі жерде жатқан ер адамдарды ұрып жатыр, ал екіншісінде контейнерде мұздың арасында жатқан баланың денесінің жанында жылап отырған әйел көрсетілген. Тепкінің астында қалған ерлер балалар органдарын сататын банданың мүшелері, ал бала – олар сату мақсатында тасымалдамақ болған денелердің бірі екен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Мұның бәрі 2018 жылдан бері әртүрлі мағынада Желіде тараған ескі фейк.

 

 

Видеоның екі бөлігін де толық қарастырайық. Біріншісінде жерде жылы киіммен жатқан екі адам көрсетілген. Оларды басқа адамдар тепкілеп жатыр. Олардың кім екендігі және оларды нақты не үшін ұрып жатқаны белгісіз. JawaPos.com индонезиялық жаңалықтар порталының хабарлауынша, роликтің кейіпкерлері алаяқтық пен сапасыз тауарларды сатқаны үшін осындай жазаға тартылған.

 

Баланың денесінің жанында жылап отырған әйелдің видеосы Желіде кеңірек таралған. Оны алғаш рет 2017 жылдың шілдесінде қытайлық қолданушы жариялаған. Шын мәнінде, бұл бала туыстарына қонаққа барып, суға батып кеткен. Оның денесін жерлеу үшін туған қаласына жеткізу мақсатында мұз салынған контейнерге салған.

 

Сондай-ақ органдарды трансплантациялау күрделі және мұқият реттелетін процесс екенін ескерген жөн. Денесі мұздатылған қайтыс болған донордан мүшені трансплантациялау мүмкін емес. Адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты пациенттің миы істен шыққан соң, бірақ жүрегі соғып тұрса ғана ғана жасауға болады.

 

Осылайша, таралған роликте органдарға сату мақсатында балаларды ұрлау әрекеті көрсетілмеген. Бұл бір-бірімен байланысты емес екі түрлі видео. Біріншісі алаяқтарды жазалау, екіншісі суға батып кеткен баланың денесін тасымалдау туралы.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста