Мексикада нөмір бірінші есірткі бароны саналатын Хоакин Гусман екінші рет түрмеден қашты. «Қортық» лақап атымен белгілі қылмыскерді соңғы рет аса қатаң тәртіптегі абақтының жуынатын бөлмесінде көрген. Айта кетейік, есірткі бароны 1993 жылы қамауға алынып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда 80-ге жуық адамның қатысуымен ол 2001 жылы абақтыдан қашып кетеді. 2014 жылдың ақпанында Мексика мен АҚШ-тың арнайы қызмет өкілдері бірге операция жүргізіп, «Қортықты» екінші рет тұтқындаған еді. Негізі, Хоакин Гусман әлемдегі ең қауіпті қылмыскер саналады. Оның ұйымы АҚШ-қа сырттан келетін есірткінің 3/1 бөлігін жеткізіп отырады екен. Ал «Форбс» журналы «Қортықтың» мал-мүлкін миллиард долларға бағалап отыр.
24.kz