Индонезияда Сапарман Содимеджо есімді әлемнің ең қарт адамы 31 желтоқсан күні өзінің 146-шы туған күнін атап өтті деп хабарлайды 24.kz.
ФОТО: VLADTIME.RU
Vladtime.ru порталының жазуынша, Сапарман Содимеджо бұрыннан Жер планетасының ең қарт адамы ретінде белгілі. Ол салтанатты шараны Ява аралында өзінің жақындары мен туғандарымен өткізген. 146 жасқа келсе де қария өздігінен жүре алады және өз жасынан жасырақ көрінеді.
САПАРМАН СОДИМЕДЖО
Сапарман Содимеджо 1870 жылы Индонезияда дүниеге келген. Индонезиялық қария бейресми түрде планетаның ең қарт адамы саналады. Ал құжаттамада ресми ұзақ жасаған адам Италия тұрғыны Эмма Морано болып есептелінеді. Ол өтіп кеткен жылы 117 жылдығын атап өткен.