Алабама штатында желіге өзінің жалаңаш суреттерін жариялап, пайда тауып жүрген 42 жастағы әйел қайтыс болды. Тергеушілер оны күйеуі өлтірді деп отыр. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.
Кэтлин Дона Уэст ересектерге арналған сайт ашып, Китти Кэт деген лақап атпен жазба қалдырып отырған. Желі қолданушылары оның жарияланымдарын көру үшін айына 15,99 доллар төлеген екен.
Тергеушілер берген мәліметтерге сүйенсек, Уильям Джеффри Уэст өз әйелінің басын ликердің шыны бөтелкесімен ұрып жібереді. Кэтлин алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында мерт болған. Оның жартылай жалаңаш өлі денесі өз үйінің маңынан табылды.
Алайда Уильямның қорғаушысы оған тағылған айыптауларды жоққа шығарып отыр. Айтуынша, азамат әйелінің немен айналысатынын бұрыннан білген және оған өзі рұқсат еткен.
Қайғылы оқиғадан кейін Уильям жергілікті полициядағы жұмысынан айырылып, 12 жасар қызының болашағына алаңдап отырған көрінеді.