Африкаға ауыз салды. Ресейде бүлік ұйымдастырған Пригожин Африкадан видео жариялады

Пригожин «Вагнер» жасағының Африкадағы жұмысы туралы түсіндіріп, тосын видео жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

«Вагнер» жасағының телеграм-арнасында Евгений Пригожиннің видеосы жарияланды. Ол Африкадағы » ерекше тапсырмалардың» орындалу барысын баяндайды.

 

«Біз жұмыстамыз. Температура +50. Вагнер RPD жүргізеді (RPD — барлау қызметі болуы мүмкін), Бұл Ресейдің одан әрмен ұлылығын арттырып, барлық континенттерге үлкен ықпал етеді. Африкада мұны еркін жүзеге асырамыз», — дейді Пригожин.

 

Оның артында аласа ағаштар өскен жартасты ландшафт және бірнеше көлік байқалады. Өзі камуфляж киіп, автомат ұстайды.

 

Бірнеше минуттан кейін жарияланған келесі бейнежазбада Орталық Африка Республикасында «Орыс үйінің» «жаңа инвестициялық кеңсесі ашылатыны айтылады.

 

Көтерілістен кейін Пригожиннің нақты қайда екені белгісіз күйінде қалды. Шілде айының соңында Санкт-Петербургте өткен «Ресей — Африка» саммитінде жүрген Пригожиннің суреті пайда болды. Беларуссияда тамыз айының ортасына қарай заңды түрде «Вагнердің» «білім беру ұйымы» тіркелгені белгілі болды.

 

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні Пригожин Ресейдің ресми әскери басшылығын соққы берді деп айыптап, өзі «әділет маршы» деп атаған әскери наразылық шарасын өткізген. Олар Дондағы Ростов  қаласынан Мәскеуге 200 шақырым қалғанша жүріп барған. Бүлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соңғы сәтте, ресми нұсқа бойынша, Беларусь президенті Александр Лукашенконың арашалауымен Пригожин мәмілеге келіп, әскерін Мәскеудің шетіне қайтарды. Сондай-ақ Ресей президентінің баспасөз хатшысы қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлаған.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста