Қытайда жолаушылар тасымалдайтын ең жүрдек пойыз сынақтан сәтті өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Іslam.kz тілшісі globaltimes.cn ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
Қытай теміржолы CR450 пойызының жаңа технологиялық құрамдастарын сәтті сынақтан өткізгенін жариялады.
Сынақ кезінде екі пойыз Мейжоу шығанағындағы көпір арқылы бір-біріне қарай әрқайсысы 453 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.
Сонымен бірге, салыстырмалы ең жоғары жылдамдық көрсеткіші – сағатына 891 шақырымды құрады.
Десе де бұл рекорд әлемдік абсолютті рекорд емесін айта кеткен жөн: 2015 жылы Жапонияда маглев пойызының жылдамдығы сағатына 600 шақырымға дейін жеткен еді.
Дегенмен, тұрақты жұмыс істейтін «классикалық» пойыздар үшін бұл ең жоғары жылдамдықтардың бірі болып табылады.
CR450 – жылдамығы сағатына 400 шақырымға шақталған, жолаушыларға арналған арналған пойыз.
Қазіргі уақытта Қытайдағы ең жылдам пойыз жылдамдығы – сағатына 350 шақырым.
Технология дамуының қазіргі деңгейінде жылдамдықты сағатына 50 шақырымға салыстырмалы түрде шамалы өзгертудің өзі пойыздың технологиялық құрылғысын және онымен байланысты инфрақұрылымды қайта қарауды талап ететін күрделі міндет.
Бұл бағытта қытай ғалымдары негізгі міндеттің үддесінен шыға білген.