Өзбекстанның Ферғана облысында жас келін асылып қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап жазды.
Әйелдің ата-анасы бұған сенбейді, өйткені қыздың денесінде көгерген іздер табылған.
20 жастағы Зулайхо Тоштемирова Япан қаласындағы 30 жастағы ер адамға тұрмысқа шыққан. Тұрмысқа шыққаннан кейін ол туыстарынан алып кетуін өтінген, өйткені күйеуі ұрып-соғатынын жеткізген.
Әйелдің жақындарының айтуынша, сараптама нәтижелері бір аптадан кейін шығады, әзірге оларға жерлеуге рұқсат берілген.
Телефон арқылы қыздың қайтыс болғанын білген ағасы мен әпкесі бірден оның үйіне барып, ауланың қақ ортасындағы бауырларының өліміне куә болған.
Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған қыздың мәйіті табылғаны хабарланған еді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz