Ирандық жігіт әйелін тапталған намысы үшін өлтірген. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы КорреспонденТ.net-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Иранның Ахваз қаласында болды. Ер адам 17 жастағы әйелінің басын дәл көше кесіп тастады және қан болған басты көпшіліктің көзінше ары-бері алып жүрген. Оқиға келіншек Түркияға барып келгеннен соң орын алды. Мәліметтер бойынша қыздың әкесі күйеуіне әйелді ауылға қайтаруға көмектескен көрінеді.
Қазір күйеуі мен оған көмектескен ағасы қамауға алынды. Иранның БАҚ қадағалау қызметі Regnum ақпараттық агенттігіне жұмыс істеуге тыйым салды. Себебі олар бірінші болып сұмдық видеоны жариялап жіберген.
Жалпы Иран Конституциясының 630-бабында күйеуі некеге адалдық танытпаған жағдайда әйеліне және басқа ер адамды өлтіруге немесе дене жарақатын салуға құқылы.