15 жастағы қызын топ болып соққыға жыққандарды әкесі жазалады (видео)
Мәскеу түбінде орналасқан Электросталь ауылында әкесі 15 жастағы қызына тиісіп, топ болып соққыға жыққандарды жазалады, - деп хабарлайды Mash.
Телеграм-арнаның мәліметінше, Настя есімді қызқа мектептегі танымалдығын қызғанған қатарластарын ұрып-соққан. Олар қызды ұрып-соғып, видеосын Желіге жариялаған. Арам пиғылды 15 жастағы Даша есімді қыз бастапты.
Зардап шеккен 15 жастағы Настя. © Әлеуметтік желілерден алынған сурет
Кейін соққыға жығылған қыздың әкесі шабуылдағандарды жазалаған. Ол қыздарға тиіспеген, бірақ процесті телефонға түсірген балаларды жазалаған. Ендігіде әкесі қызын мектепке өзі апаратын болыпты. Ал мектептегілер бұл жағдайға көңіл аудармапты да.
Зардап шеккен 15 жастағы Настя. © Әлеуметтік желілерден алынған сурет
"22 қазанда Ресей ІІМБ-нің Электросталь бойынша кезекші бөліміне кәмелетке толмаған екі қыздың арасында болған төбелес жайлы хабар түсті. Алдын ала, қақтығыс болғаны анықталды, салдарынан қыздардың бірі дене жарақатын алған. Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр, оның қорытынжысы бойынша заң жүзінде шешім шығарылады", - деп хабарлаған Ресей ІІМБ Мәскеу облысы бойынша ММ өкілдері.
Төбелесті бастаған Даша. © Әлеуметтік желілерден алынған сурет