14 жыл бұрын жоғалған әйел жерлесінің үйінде бұғауда болған
Тергеу комитетінің қызметкерлері «2009 жылы әйелді ұрлап жасырды» деген күдікпен Челябі тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады. Ресей Тергеу комитетінің Челябі облысы бойынша тергеу басқармасы жариялаған мәліметтерге сәйкес, әйел жақында бұғаудан босап шыққан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап жазды.
«Жергілікті тұрғынның үстінен РФ ҚК 126-бабы 2-тармағы «в» тармақшасы (адам ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ер адам емдеу мекемесінде, ол тәртіп сақшыларының бақылауына алынды», - делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылы күзде Челябі тұрғыны бірге ішімдік ішу сылтауымен жергілікті әйелді үйіне алып келеді. Содан бері ол әйелді үйінде ұстаған. Психикалық дерті асқынған ер адам емдеу мекемесіне жатқызылды, ал әйел бұғаудан босай алды.
Тергеушілер айғақтар базасын толықтыру бағытында жұмыс істеп жатыр.
Айта кетсек, кірпіш үй қаланың сол жағалауында орналасқан.
Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу барысында күдіктінің 2011 жылы болған әйел өліміне қатысы бары анықталған. Әйелдің денесі бөлшектеліп, үйдің жертөлесінде көмілген. Бұл факті бойынша РФ ҚК 105-бабы 1-тармағымен қылмыстық іс тіркелді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz