Ағылшын мектебінің мұғалімі 24 жастағы Александрия Вера 13-жасар оқушымен жақындасқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды People басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
АЛЕКСАНДРИЯ ВЕРА. ФОТО: PEOPLE.COM
Бұл қылмыстық қатынастың салдарынан мұғалім жүкті болып қалған.
Вера осы жылдың қараша айында өзінің оқушымен жыныстық қатынасқа барғанын толықтай мойындаған. Қамауға алынғаннан соң, ол тергеушілерге 9 ай бойы күн сайын оқушылармен жақындасып жүргенін айтқан.
Бойжеткеннің айтуынша, жеткіншектің ата-анасы олардың байланысы жөнінде хабардар болған.
Ал 2016 жылдың қаңтар айында ол өзінің жүкті болып қалғанын біледі. Алайда тергеу кезінде ол баланы алдыртып тастайды.
Сот мұғалімді 10 жылға темір торға қамау туралы үкім шығарған. Бес жыл жазасын өтегеннен кейін, ол алдын ала босап шығу туралы арыp жаза алады.