11 қыркүйектегі теракт: Желіде "Әл-Қаида" басшысы түскен видео жарияланды
"Әл-Каида" радикал тобының жетекшісі (Қазақстанда тыйым салынған) Айман әз-Завахири 11 қыркүйектегі террористік шабуылдың 20 жылдығына арналған видеоға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Радикал сайттарды бақылайтын SITE барлау тобы мәліметінше, видео 12 қыркүйекте жарияланған. Әз-Завахиридің сөзін "Ас-Сахаб" тобының медиақоры дайындаған. Видео 61 минут 37 секундта түсірілген. Онда әз-Завахири "Иерусалим ешқашан еврейлердікі болмайды" деп мәлімдейді және қаңтарда Сириядағы орыс әскерлеріне жасалған шабуылды, "Әл-Каида" шабуылдарын жоғары бағалаған.
SITE мәліметі бойынша, әл-Завахири 20 жылдық соғыстан кейін америкалық әскер Ауғанстаннан шығарылғанын айтқан, бірақ "Талибан" Ауғанстан мен Кабул астанасын басып алғаны туралы сөз қозғамаған.
2020 жылдың аяғында әз-Завахири өлген болуы мүмкін деген ақпарат шыққан. Бірақ бұл ақпарат расталмады. Бұл оның содан бері Желідегі алғашқы "мәлімдемесі" болды.
"Ол әлі де өлген болуы мүмкін. Бірақ егер олай болса, онда бұл 2021 жылдың қаңтарында немесе одан кейін болуы керек еді", - деп жазды SITE директоры Рита Кац Twitter-де.
Айта кетейік, Айман әз-Завахири 2011 жылдың маусымында "Әл-Қаида" ұйымының жетекшісі болған еді. Ол "Мысыр ислам жиһадының" (Egyptian Islamic Jihad, EIJ) негізін қалаушы. Вашингтон оны АҚШ азаматтарын елден тыс жерде өлтірді, кісі өлтіруге қастандық жасады және мемлекеттік органдарға шабуыл жасады деп айыптайды.