Стандарттау өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді

Стандарттау өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді

Санға емес сапаға жұмыс істеудің нәтижесі жоғары болатыны белгілі. Сондықтан сапалы өнім өндірген кез келген кәсіпорынның болашағы бар деп есептеуге толық негіз бар. Экспортқа және ішкі нарыққа шығарылатын тауардан ең алдымен сапа талап етіледі. Сапасы жоғары өнімге ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да сұраныс жоғары болады. Сапылы өнім өндіру ─ кәсіпорын жұмысының тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Тұтынушының басты талабы тауардың сапалы болуы. Оған зер салғанда сапаның өндіріс қарқынымен қатысын, өнімнің өзіндік бағалануын, еңбектің нәтижесі сияқты көптеген мәселелерге назар аударуға тура келеді. Шығаратын тауардың сапасын арттыру – өндіріс механизмін дамытып, халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп отырумен тікелей байланысты. Сапалы өнім тұтынушы өмірінің қауіпсіздігі үшін маңызды. Ал кез келген өнімнің түрі қойылған талаптарға сай болғанда ғана нарыққа жол тартады. Өнімнің сапасына қойылатын талаптар бірнеше көрсеткіш арқылы анықталады. Оған туар сапасын жобалау және сақтау, қолдану барысындағы қасиеттерін, тұтыну кезіндегі тиімділігі сияқты көптеген көрсеткіштерді атауға болады. Кеңірек айтар болсақ, тұтынушы өнімді қажетіне қарай қолданғанда пайдасы мен тиімділігі, оны сақтаудағы, тұтынудағы ыңғайлылығы, сыртқы көрінісі яғни эстетикалық тұрғыдан қарағандағы бейнесі, тартымдылығы, экологиялық тазалығы, қоршаған ортаға және тұтынушыға зияны жоқтығы, шыдамдылығы, техникалық шешімдерді, қауіпсіздігі, тасымалдауға ыңғайлылығы сияқты барлық талаптары ескеріледі.

Сондықтан тауарды немесе өнімді халықаралық нормаларға сәйкестендіріп стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын арттырудың негізгі тетігі. Осы тұрғыдан келгенде елімізде өндірілетін тауарлардың сапасына жіті көңіл бөліп, оны стандарттау және үйлесімділігіне мән беру өте маңызды шара. Ал өнімді стандарттау мен сертификаттау ғылым мен өндірістің, сауда-саттықтың және тіршіліктің барлық саласының дамуының басты қағидасы. Бұл шаралар халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын нормаларға үйлестірілу арқылы іске асырылуы керек. Ішкі және сыртқы нарыққа шығарылатын отандық кәсіпорындардың өнімдері халықаралық сапа талабына сай болғанда ғана өндіріс алға жылжиды. Елімізде өндірілген отандық тауарлар жалпы алғанда мына талаптар бойынша талқыланатыны белгілі. Атап айтсақ, өнім жайында берілген мәліметтің дұрыстығы, тұтынушы мен өндірушінің жеке еркіндігі, жасалатын сынақтың кәсіби дәрежеде жоғары талаптармен өтуі, сертификаттау жөніндегі ақпараттардың ашық болуы сияқты тағы басқа да көптеген талаптары ескеріледі.

Сапа мен стандарттау туралы барынша тізбектеп айтып отырған себебіміз елімізде стандарттау туралы ұлттық органда электрондық стандарттар кітапханасы пайдаланылуға бергілгендігі болып отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Кітапхана сәуір айынан бастап жұмыс істей бастаған. Министр мырзаның айтуына қарағанда, бұл электрондық оқу залы тоғыз мыңнан астам ұлттық стандарттың және жиырма жеті мыңға тарта мемлекетаралық стандарттың мәтіндерімен танысуға жағдай жасайды. Парақшасындағы жазбасында ол алдыңғы қатарлы халықаралық құжаттар бойынша жыл сайын шамамен мыңға тарта мемлекеттік және мемлекетаралық стандарт әзірленетінін, кәсіпорындар мұны пайдалана отырып сапасы жоғары өнім шығаруға мүмкіндік алатынын айтып өтті.

Министрдің жазбасы жөнінде жалпы баяндап өтсек, стандарттау туралы ұлттық органға стандарттарды дайындауға өтінішті мүдделі тараптардың барлығы жолдай алады екен. Атап айтсақ, оған бизнестің өзі, мемлекеттік органдардың, академиялық орталардың және техникалық комитеттердің өтінім жолдауға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, ол техникалық комитеттердің өзі де іс жүзінде алғанда алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуде тар бейінді техникалық сарапшылар екенін атап өткен. «Алайда стандарттардың қор сөресінде тұрып қалу жағдайлары кездесетіндіктен, стандарттарды әзірлеуді жоспарлау және қаржыландыру процестерін қайта қарау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді бүкіл жерге енгізу қажет деп санаймын. Біз міндетті түрде динамиканы сақтауымыз және стандарттаудың әлеуетті резервтерін стандарттарды әлде де сұрыптап әзірлеу арқылы арттыруымыз керек» – делінген министр жазбасында.

Сондай-ақ, аталмыш жазбада стандарттау туралы, сапаны көтеру, экспортты өркендету, сауда ісін ілгерілету, субсидиялау, қаржыландыру схемасы туралы да айтылып өткен.

Қазіргі басты бағыт цифрландыру екеніне тоқталып өткен министр, стандарттау экономика саласын түгелге жуық қамтып, шағын бизнес түрінен бастап ірі бизнеске дейін және қызмет көрсету саласынан жоғары технологиялық өндірістерге дейін қолданыуға қол жеткізілетіні туралы мәлімдеген.

Бұл атқарылған жұмыс сапалы тауар өндіруге, бизнес саласын оңтайландыруға, кәсіпкерлердің сапа жөніндегі мәліметтерді сайт арқылы алуына қол жеткізуге көп мүмкіндік беріп отырғаны анық.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста