Қазақстанда мұнай өндіру көлемі артады

Елімізде мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныс біртіндеп ұлғайып келеді. Өткен жылы әлемді жайлаған індетке байланысты сұраныс мүлде төмендеп кеткен болатын.

Таяуда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлері онлайн жиналыс өткізді. Бұль жиынға Энергетика министрі Нұрдан Ноғаев та қатысқан болатын. Осы кездесу барысында келісімге қатысушы елдер мұнайды аз көлемде өндіруге қатысты шешімді осы жылдың сәуір айына дейін ұйғарды. Ал Қазақстан мен Ресей өзара жеке келісім жасасты. Осы келісімге сәйкес екі көршілес ел сәуірге дейін мұнай өндірісін тәулігіне 20-дан 130 мың баррельге дейін біртіпдеп көбейте алады. Сонымен ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан келесі айда тәулігіне бір жарым миллион баррельге дейін мұнай өндіре алады.

Қазіргі кезде бренд маркалы мұнайдың құны баррельіне 67 доллардан асты. Жыл басынан бергі ең жоғарғы баға осы болып отыр.

Мамандар коронавирустың өршуіне байланысты шектеулердің алынбауы мұнай көлемін арттыруға әлі де кесірін тигізетінін айтуда. Мұндай болжамның да жаным бар. Өйткені сауда-саттық, алыс-беріс шектелген қиын-қыстау кезде мұнайды көпи көлемде өндіру үлкен шығынға әкелуі мүмкін.  

Дүниежүзіндегі ең ірі мұнай  өндіруші Сауд Арабияның өзі келесі айда күніне 1 миллион баррель өндіруді жоспарлап отыр.  Жыл басынан бері мұнай бағасы 30 процентке қымбаттады.

Сауд Арабиясының энергетика министрі Абдулазиз бин Салманның айтуынша, оны мұнайдың бағасы қатты алаңдатпайтын көрінеді. «Ең маңыздысы, мұнай өндіру көлеміне қатысты жоспар мен тәртіп қатаң сақталуы керек. Сонда ғана біз әлемдік нарықтағы қара алтын қорын қалыпқа келтіре аламыз» деді ол.

Өткен жылғы көрсеткіштерге шолу жасасақ, 2020 жылддың қорытынысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі елімізде 85,7 млн тонна. Негізі 2020 жылға арналған жоспар бойынша бұл көрсеткіш 101 пайыз, НКИ – 94,7 пайыз болу керек еді. Пандемия әлі де ауыздықтала қоймағандықтан осы жылғы өндіріс көлемі 83,4 млн теңге болады деп болжанып отыр.

Энергетика министрінің айтуынша, биыл әлемдік мұнай нарығы мен мұнайдың құны бірте-бірте қалпына келе бастайды. Өткен жылы елімізде 68,5 млн тонна мұнай экспортталған. 2021 жылы 67,5 млн тонна мұнай экспортталады деп жоспарланып отыр. Ал мұнай өңдеу көлемі 2020 жылы 15,8 млн тонна болса, 2021 арналған жоспарға сәйкес 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде. 2020 жылы мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,5 млн тонна болған, 2021 жылы бұл көрсеткіш 12,4 млн тонна болмақ.

Өткен жылы мұнайдың бағасы 1 баррель үшін $18–ден $50 долларға дейін көтерілді. Былтырғы өндірісті шектеуді ескерсек, мұнай экспортынан түсетін есептік пайданың өсімі 2020 жылы шамамен $10 млрд-ты құрайды, ал 2021 жылы $14 млрд құрайды деп күтілуде.

Министр Н.Ноғаевтың айтуынша, Теңіз кен орнында құны $45,2 млрд құрайтын жоба болашақта іске асырылады. Жоба 2023 жылы аяқталмақ. Бұл жоба мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаның Қазақстанды қамту көлемі 36%-ды құрайды. Қазіргі кезде жоба бойынша жұмыстар 81% атқарылды. 2021 жылы жұмыстардың атқарылу көрсеткіші 90% құрайды.

Сондай-ақ  Энергетика министрі Қашаған кен орнының шикізаты негізінде құны $860 млн, қуаты 1,150 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысы басталатынын да айтты. Бұл – тікелей Мемелкет басшысының тапсырмасы. Егер осы жоба іске асырылатын болса,  қосымша 800 млн м3 тауарлық газ өндіру және жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ мұнай өндіру көлемін қосымша 10 млн тоннаға дейін өсіру мүмкін болмақ. Қазіргі таңда Қашаған кен орнын толық көлемде игеру тұжырымдамасын әзірлеуге дайындық жүргізілуде. Бүгінде  тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру кезеңінің барлық нысандары пайдалануға берілді, олардың өндірістік қуаты тәулігіне 400 мың баррельді құрайды. Алайда былтырғы көктемнен бастап енгізген шектеулерге байланысты қазір орташа тәуліктік өндіру 280 мың баррель деңгейінде.

Қарашығанақ жобасы бойынша газға қатысты өндірістік шектеулерді  алып тастау және газды жер қойнауына кері айдаудың 4-ші компрессоры сияқты инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Бұл жобаларды іске қосу өнімді бөлу туралы келісім (ӨБТК) мерзімінің соңына дейін қосымша 18,5 млн тонна сұйық көмірсутегін өндіруге мүмкіндік береді, инвестиция сомасы  $1,678 млрд теңгені құрайды. «Қарашығанақ бойынша көпжылдық келіссөздер аяқталды. Нәтижесінде Халықаралық консорциум Қазақстанға $1,3 млрд төлеп, өндірілетін өнімді бөлу әдістемесіне өзгерістер енгізді, бұл келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін шамамен $600 млн әкеледі. Сонымен қатар, 2020 жылғы желтоқсан айында Қарашығанақ кен орнын кеңейту-1-кезең (ҚКЖ-1) ірі инвестициялық жобасын іске асыру бойынша түпкілікті инвестициялық шешім қабылданды. Бұл газды жер қойнауына кері айдаудың 5-ші компрессорын іске қосуды ескере отырып, сұйық көмірсутегін өндіруді жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстауға бағытталады. Жобаның бюджеті $970 млн құрайды. Аяқталу мерзімі — 2025 жыл.

2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін (авиакеросин, дизель отыны, мазут, бензин) өндіру көлемі 11,5 млн тоннаны құрады. Бұл жағдай карантиндік шаралардың енгізілуіне орай ішкі нарықта мұнай өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуіне байланысты туындап отыр. Мәселен, ішкі нарықтағы тауарлардың кідірісін болдырмау үшін  Энергетика министрлігі МӨЗ-дегі мұнай өңдеу жоспарын 17 млн-нан 15,5 млн тоннаға дейін азайтты, сондай-ақ дизель отыны мен авиакеросин өндіру деңгейін төмендетті. Бұл ретте жол салу көлемінің өсуіне байланысты битум өндірісі ұлғайтылды. Сондай-ақ министрлік осы саланы қолдау мақсатында бірқатар шаралар қабылдады:  Қазақстан Республикасынан және Кеден одағы елдерінен тыс жерлерге автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйым алып тасталды; акцизделетін тауар өндірушілер экспортқа сатылатын бензин және дизель отыны бойынша акциздерді төлеуден босатылды; теміржол, автокөлік және құбыр жолдары арқылы Қазақстан Республикасының аумағына бензин, дизель және әуе отынын әкелуге тыйым салынды; мұнай өнімдеріне, оның ішінде бензинге, дизель отынына және мазутқа кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері нөлге теңестірілді.  2019 жылғы шілде айынан бастап тыйым алынған соң бензинді Еуропа және Орталық Азия елдеріне экспорттау басталды. 2020 жылы бензин бойынша экспорт көлемі шамамен 500 мың тоннаны, ал дизель отыны бойынша 180 мың тоннаны құрады. Қазіргі уақытта ішкі нарық отандық мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген.

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста