Қазақстан мұнайгаз химиясының «қарлығашын» толғатып жатыр

Қазақстан мұнайгаз химиясының «қарлығашын» толғатып жатыр

Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында аймақтардың дамуына, оның ішінде мұнайхимиясының қазіргі жағдайына назар аударған еді. «Аймақтардың дамуын сол аймақтың бәсекеге қабылетін ескере отырып жүргізу керек.

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының өндірістік әлеуетін кеңірек пайдалануды ойластырған абзал. Бұл жерде мемлекеттегі еңбек ресурсының жартысы орналасқан. Бұл аймақтардың дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы жұмыс орындары өте қажет» дей келіп мемлекет басшысы батыс өңірдегі өндірістің дамуын қатты сынға алған. «Бізде әлі күнге дейін мұнай химиясы мен жоғары сапалы газ өңдеудің жоқтығы, ешқандай ақылға сыймайды деуге болады» деп нақты атап өткен-ді. Шынында да еліміздің батыс өңірі мұнай мен газға бай. Онсыз да ел бюджетіне қомақты түсім беріп отырған мұнай мен газдың пайдасын қайтсе еселеуге болады? Бұл мәселенің айтылып жүргені бір бүгін емес. 

Сонау 90-шы жылдардың өзінде мұнайгаз химиясын дамыту мәселесі көтерілген. Сол кездің өзінде мамандар бір тонна мұнайды сатқаннан гөрі оның химиясын дамытсақ, 13 есе пайда табуға болатындығын есептеп қойған-ды. Одан бері әлемдегі мұнай химиясы өзінің өміршеңдігін әбден дәлелдеді. Мәселе мынада: әлемдегі шикізат нарқы бірде өсіп, бірде құлап құбылып тұрады. Ал, мұнайхимия өнеркәсібі қиын дағдарыс жылдарының өзінде тоқтап көрген емес. Мұнай бағасы 40 доллардан төмендеген күннің өзінде, мұнайхимиясы өнімдері әлемдік нарықта сұраныста болды. Солай бола беретін тәрізді.

Сарапшылардың айтуынша жер бетіндегі халық санының жылдам өсуі химия өндірісін бір жарым есе өсіруді талап етіп отыр. Бұл мұнай мен газ қорына бай елдер үшін үлкен мүмкіндік, керемет потенциал. Шынын айтқанда, әлеуеті жоғары елдердің басты тірегінің бірі – мұнайгаз химиясы екені тайға
таңба басқандай анық нәрсе. Себебі, химия өндірісі мультипликативті, яғни, экономиканың басқа салаларының дамуына серпін беретін сала. Химия өндірісіне бір миллиард доллар инвестиция салудың өзі - басқа салада екі миллиард доллардан астам өсім беруге жеткізеді дейді сарапшылар. Өйткені,
халық тұтынатын тауарлардың 96 пайызы мұнайгаз химиясының қатысымен өндіріледі. Рас, елімізде ірі үш мұнай өңдеу зауыты бар. Бірақ, ол жерде негізі жанармай өндіреді. Ал, мұнай мен газдан алатын химиялық өнімдер жоқтың қасы. Мұнайгаз химиясын дамыту еліміздің басым бағыты ретінде
бірнеше рет жарияланды. Бірақ, нақты қадам жасауға келгенде кібіртіктей берді. Себебі, мұнайгаз химиясын өрге бастыруға құр қаржы бөліп зауыт салу – жеткіліксіз. Бұл жерге ғылым мен жаңа технологияларды шоғырландыру керек.

Бүгін әлемдік нарықта сұраныста жүрген заманауи өнімдер шығару керек. Ал, бұған айрықша мән беріп, барлық қуат пен білімді жұмылдыратын болса, тұтас мемлекеттің даму қарқыны өзгеріп, басым бағыттары алға сүйреп шыға келеді. Мұнайгаз химиясының осындай кереметі бар. Міне, сондықтан да Республика Президенті өзінің Жолдауынан кейін, былтыр қараша айындағы шет елдік инвесторлар кеңесінде мұнайгаз химиясы мәселесін қайта қозғады.

Жалпы, химияның арқасында мұнай мен газдан жүздеген өнім алуға болады. Соның біріне тоқталайық. Ол – полипропилен. Түсінікті тілмен айтар болсақ пластмасса «патшасы». Осы бір өзі жеңіл, өзі берік, өзі ыстыққа да, суыққа да төзімді, қымбат заттарды да ауыстыруға жарамды, заманауи технологияның басты қажетіне айналған пластмассаны өндірудің өзі еліміздегі нағыз мұнайгаз химиясының алғашқы баспалдағы болары анық.
Ал, полипропиленді қолданбайтын сала жоқ. Автомобиль жасау, машинажасау, электроника, электртехникажасау, қондырғы-құралдар өндірісі, автокөлік, құрылыс саласы, медицина, тігін-тоқыма өндірісі деген сияқты салалардың барлығына қолданылады. Мұнайгаз химиясының
мультипликативтілігі осында.

Сонымен айтпағымыз не? Еліміз нағыз мұнайгаз химиясы қарлығашын толғатып жатыр. Атырау облысындағы «Ұлттық индустиалдық мұнайхимиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймағында Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясы ірі инвестициялық жоба жүргізе бастаған. Бұл жоба 2018 жылы «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ басқаруына берілген соң толық қарқынды құрылыс жұмыстары басталды. Аз уақыттың ішінде кәсіпорынның жаңа менеджменті кәдімгідей серпіліс туғызғанына қарағанда, ол шешімнің дәл уақытында, әрі сәтті болғанын айту керек. Сөйтіп, оған дейін 6 пайыздан аспай жұрған жұмыс көлемі қазір 34 пайызға жетті. КМГ ҰК құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың ортасында бітіруді межелеп отыр. Сол уақытқа дейін пропанды бөлу, пропиленді полимеризациялау сияқты кәсіпорын инфрақұрылымының 32 нысанын бітіріп үлгеру керек. «Қазмұнайгаз ҰК» АК өңдеу және маркетинг басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Тиесовтың айтуынша зауыттың бас жоспары мен технологиялық кестесі бекітілді. 36 қосалқы мердігерлік компания, 1200 адам жұмыс істеп жатыр. Жобаны жүзеге асыру барысында ұлттық компанияның Шымкент, Павлодар, Атырау мұнайөңдеу зауыттарын тезнологиялық жағынан жетілдіру кезінде жинақтаған тәжірибесін қолданатын болады.
 – Қазмұнайгаз Ұлттық Компаниясы Қазақстан тарихында тұңғыш болып жоғары сападағы өнімді жеке-жеке аумақта бөлу бойынша өнім өндіру сияқты аса ірі нысанды салу мен пайдалануға беру жобасын жүзеге асырып жатыр. Жобаны КМГ компаниясының басқаруына берген сәттен бастап
құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізу шаралары қабылданды. Бұл мұнайхимиясы кешенінің еліміздің дамуындағы алатын орнын түсіне отырып, біз Қазақстан Республикасындағы ірі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар кәсіби шеберлерді қатыстыра отырып құрылыс кестесін
ықшамдадық,- дейді Данияр Тиесов.

Бұл жердегі Қазақстан үлесін КМГ басты назарда ұстап отыр. Кешенді жобалау жұмыстары Қазақстанның мұнай мен газ институтының тікелей қатысуымен жүргізіліп жатыр. «АтырауМұнайМаш» ЖШС, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» ЖШС, «Имсталкон» ЖШС, «Sewon Vertex» ЖШС және басқа жергілікті өндіруші компаниялар қондырғыларды дайындау ісіне жұмылдырылған. ЕврАзЭС шекарасынан бастап құрылыс алаңына дейін жүк
тасылмалдау жұмыстары да қазақстандық логистикалық компанияға жүктелген. Тоқетерін айтқанда, осы жерде жұмыс істеп жатқан 36 қосалқы мердігерлік компанияның 33-і, барлық мамандардың 90 пайызы - отандық кәсіпкерлер. КМГ компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің таратқан ақпаратына қарағанда, негізгі қазық қағу мен іргесін бекіту жұмыстары толықтай аяқталған. Жер асты коммуникациясын тарту жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі қондырғыларға тапсырыс беру де бітуге таяу. Құбыр және құбыр тектес материалдар, металл құрылғылар мен конструкциялар жеткізіле
бастады. Құрылыс – бетон жұмыстарының 46 пайызы аяқталды. Жоба аясындағы көлік инфрақұрылымын құру, темір жол тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еліміздің индустриалдық – инновациялық даму бағдарламасы бойынша мұнайхимия саласын өркендету - Қазақстан экономикасын
әртараптандырудың бес негізгі бағытының бірі ретінде бекітілген. Атыраудағы мұнайгаз химиясы кешенінің салынуы - жоғары құнды қуат көздері өнімін өндіретін мұнайгаз кластері саласына тың серпіліс туғызуға тиіс. Қазақ қуаныштың алғашқы белгісін «қарлығашқа» теңейді. Міне,
мұнайгаз химиясының алғашқы кластері бой көтеріп келеді. Ертең оның ізімен бірнеше сала бойынша химия кластерінің бірнешеуі қазық қағуы мүмкін. Дегенмен де тұңғыштың аты – тұңғыш! Қазақстан мұнайгаз химиясының «қарлығашын» толғатып жатыр деп ауыз толтырып айтуға
болады.
Серік Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста