Қарағандылық кәсіпкер жердің құртынан табыс тауып отыр

Қарағандылық кәсіпкер жердің құртынан табыс тауып отыр

Калифорния құрты қарағандылық кәсіпкер Нұрбек Оралов үшін табыстың көзі болып отыр. Ол сәуір айында ауласынан арнайы орын дайындап, құртты өндіріске жіберген. Одан алған биогумус егістік жердің құнарын арттырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Калифорниялық жердің құрттары шіріген органикалық заттарды «жеу» арқылы жердің құра­мын гумуспен байытып, құнарлы қа­ра топыраққа айнал­дырады.

 

Оған күнделікті төрт түліктің тезегін салып қорытады. 4 айда өнім пайда болады.

 

«Ютуб арқылы қарап тауып алдым да, содан былтыр шілде айында бастадым. Содан екі қорабын алып, тәжірибе жинадым. Кейін Казверм деген коператив ашылды Алматыда. Соған қабылданып, оқуын оқып сертификат алдық», - дейді кәсіпкер Нұрбек Оралов.

 

 

Калифорния шылаушыны көн астында 16 жыл өмір сүреді. Тыңайтқыш өндіру процесін тоқтатпайды.

 

Биогумуска айналған соң топырақ арнайы үккіштен өтеді. Былтыр кәсіпкер 30 қап тыңайтқыш шығарған.

 

Сатып еңбегінің жемісін көріпті. Енді биыл кәсібінің ауқымын кеңейтпек.

 

«Қазақстанның 990 млн гектар жері тозып кеткен. 30 млн гектар жер мүлдем жарамсыз болып қалған. Қазір мынау селитра деген минералды тыңайытқыш адам өміріне зиян. Ол - химиялық тыңайытқыш. Ал мынау табиғи таза тыңайтқыш», - дейдң кәсіпкер.

 

 

Нұрбек Ораловтың бақшасында көкөніс, жеміс-жидектер баршылық.

 

Құнарландыру әдісімен алынған топыраққа қияр, қызанақ, қырыққабат, сәбіз, қызылша еккен. Биыл мол өнім күтіп отыр.

 

«Мына бізде қалай? Aуылдарда мысалы малдан шыққан көңді шығарып тастап жатады. Бұрын бақшаға жайып пайдалануға болатын. Қазір халық түсінбей барады мұны. Бұл негізі келешегі зор бизнес. Бәсекелес деген болмайды, сататын жерлер деген жетеді. Әр қазақ айналысса табысқа жетер еді», - дейді Нұрбек Оралов.

 

Кәсіпкер осы бизнестен мемлекеттен қолдауға ие болды.

 

2 пайыз жеңілдікпен несие алды. Оның үстіне биогумуска субсидия да беріле бастаған.

 

Бұл - бабын білгенге жер құрты да байлық береке екенінің көрінісі.

 

 

 

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста