Мекеме басшысы азаматтарды қабылдады

Мекеме басшысы азаматтарды қабылдады

Сүрінбейтін тұяқ, қателеспейтін адам болмайды. Ал сол қателескен азаматтардың кемшілігін бетіне басып, тұқыртып, қоғамнан аластауға асықпаған дұрыс. Олардың да жақыны, туыстары бар. Қанша қылмыс жасаса да туыстары оларды күтеді, жамандыққа қимайды, өмірді жаңаша бастайтынына сенеді. Жазасын өтеушілердің туыстары азаматтарды қабылдау күнінде осы секілді сан сауалын түзеу мекемесінің басшыларына қойып, оларға тұшымды жауап алуға толық мүмкіндік алады.

Жалпыреспубликалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні барысында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЖД-158/1 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бауыржан Сауранбаев бірқатар азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келген азамат Б.Абиров жазасын өтеуші жұбайының ІІ топтағы мүгедектігі бойынша анықтамасының мерзімі аяталатынын ауызша хабардар етіп, бұл мәселені тексеру комиссиясының қайта қарауын өтінді. Келесі кезекте өтінішімен жүгінген А.Алтенова құжаттарды қайта рәсімдеу үшін аталған мекемеде жазасын өтеуші жолдасының атынан сенімхат берілуін сұрады.

Қабылдауға келгендерді мұқият тыңдаған мекеме бастығы Бауыржан Әбуұлы сотталғандар мен айыпталушылардың құқықтарының бұзылмауы және олардың денсаулығы қатаң қадағалауда екенін баса айтып, жеке қабылдауға келген азаматтардың өтініштері заңға сәйкес қанағаттандырылатынын жеткізді.

Мекеме бастығы Б.Сауранбаевтың айтуынша, республика көлемінде өткізіліп жатқан мұндай шара қарапайым халықтың мемлекеттік органдармен байланысын арттыра түсуіне өз септігін тигізбек.

- Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні аясында көкейіндегі сан сауалға жауап таппай жүрген бірқатар азаматтарды қабылдадық. Жалпы, мұндай шара барысында тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарына заң жүзінде жауап ала алады, - деді Б.Сауранбаев.

Нұржан Күтімбетов, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/1 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста