Бал арасын баққанға да субсидия беріледі

Бал арасын баққанға да субсидия беріледі

Ең қызық та қиын кәсіптің түрі – ол бал ара өсірумен айналысатын омарташы кәсібі. Оңтүстік Қазақстан облысының көлемінде 1200 шағын, орта және ірі ара өсіруші жеке және заңды тұлғалар болса, олар жылына көлемінде 100 тонна бал өндіреді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасай отырып.
Бүгінде облыста бал ара шаруашылығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, оны селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін әрбір ұяшығына мемлекет тарапынан 3190 теңге қолдау қаржы төленуде. Ал 2016 жылы 3 мың ұяшыққа 9570,0 мың теңге қаржы бөлу жоспарланған.
Оңтүстіктің омарташыларына қолдау көрсетіп отырған мекеменің бірі «Ырыс» микроқаржы ұйымы. Аталмыш ұйымнан қолдау алған шаруашылықтың бірі «ЭкоМёд» ЖШС. Серіктестік ара шарашылығын дамыту үшін қаржы ұйымынан төмендетілген жылдық мөлшерлеме негізінде 5 млн. теңге несие алып, оған 480 дана ара ұяшығын сатып алған. Олар әр ұяшықтан шамамен 25-30 кг., әсел өнімін алады. Биыл шаруашылыққа Австрия мен Украина елдерінен асыл тұқымды карпаттық бал аралары әкелінді. Араның бұл түрлері балды жақсы жинайды әрі ауа-райына жылдам бейімделеді. Балдың аққурай және таулы түрлерін өндіретін шаруашылық өндірілген өнімдерін Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарына және көрші Ресейге экспорттаған.
Сондай-ақ, облыста бал ара шаруашылықтарды ғылыми сүйемелдеумен айналысатын «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-де бал ара шаруашылығы секторы жұмыс жасайды. Ал бал аралар аналығын қолдан ұрықтандырумен ЖК «Демидов» айналысып келеді.
Айта кетейік, өңірде «Облыстық әуесқой омарташылар қауымдастығы» жұмыс істейді. Төрехан Нормұхамбетов төрағасы болып табылатын қауымдастыққа 250 бал ара өсіруші мүше. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста