Жүрек ақауымен туылатын сәбилер саны азаймай тұр

Жүрек ақауымен туылатын сәбилер саны азаймай тұр

 Елімізде  өлім-жітім  көрсеткіші  жағынан  жүрек-қан  тамырлары  ауруы   бірінші  орында тұр. Бүгінгі таңда республика бойынша бір жарым миллионға жуық адам жүрек ауруына шалдыққан. Мамандар күн өткен сайын жүрек аурулары тым жасарып бара жатқанына алаушылық танытып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, әлем бойынша туылған мың сәбидің 10-ы жүрек ақауымен дүниеге келеді екен. Ал Қазақстанда жыл сайын үш мыңнан астам сәби туабіткен жүрек ауруымен жарық дүние есігін ашатын көрінеді. Ал олардың 10-15 пайызы ғана 1 жасқа дейін өмір сүреді екен. 

Мамандар жүрек ауруына бастайтын бірнеше себепті алға тартады. Сол себептердің біріншісі генетикалық тұқым қуалаушылық, психологиялық  жағдай,  қан құрамында қанттың көбеюі болса,  екіншісі – қан қысымының  көтерілуі. Сонымен қоса, экологиялық зардаптар  мен әлеуметтік мәселелер, артық салмақ, салауатты  өмір  салтынан  сақтамау да жүрек ауруына жеткізетін көрінеді.
Десе де, мамандар елімізде кордиология және кардиохирургия саласының жақсы дамығанын айтады. Олардың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын екі мыңнан астам баланың жүрегіне ота жасалатын көрінеді. Мамандардың айтуына қарағанда, сәтті аяқталатын операциялар көрсеткіші өте жоғары. Биылғы жылы Алматы қалалық Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында 245 баланың жүрегіне сәтті ота жасалған.
Қайрат ҚУАТБЕКОВ, Алматы қалалық Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының бөлім меңгерушісі:
- Балалардың жүрегі үлкен адамның жүрегі сияқты емес. Өте кішкентай. Сондықтан сәбилерге ота жасау кезінде оптикалық құрыл-қондырғыларды пайдаланамыз. Сәбилердің тау бітті ақаумен туылуының себебі де әртүрлі. Ол генетикалық ауытқу, қоршаған ортаның әсері немесе ананың жүктілік кезінде зиынды әрекетке баруынан да болуы ықтимал.
Мамандардың айтуына қарағанда жүрек ақауының бірнеше түрі бар. Олардың ең көп тарағаны туабіткен жүрек ақауы. Туа біткен жүрек ақауы  –жүрек  клапандарының, тесіктері мен қатпарларының туа біткен ауытқуы. Мұндай  ауытқулар  жүрек  қызметінің  түбегейлі  бұзылуына  әкеліп  соқтырады.  Туа  біткен  жүрек ақауы нәрестенің ана құрсағында даму кезеңнің бірінші жартысында пайда болады. Яғни жүкті әйел аяғы ауыр кезде қан аздық, тұмау, түрлі жұқпалы аурулармен,  жыныстық қатынастар арқылы жұғатын аурулармен ауру салдарынан құрсақтағы баланың жүрек қалқанша­лары мен қақпақшалары толық дамымайды.  Сондықтан жүкті әйел үнемі дәрі­гердің қадағалауында болып, өз денсаулығына мұқият қарауы тиіс.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста