Қазақстанда денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің құралы ретінде «жеңіл» суға үйрету жобасы басталды
«Астана» медицина университетінде қоғамдық денсаулықты дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында «жеңіл» ауыз суды тұтыну мәдениеті туралы қоғамды оқытуға арналған ақпараттық-білім беру жобасының іске асырылуына арналған баспасөз-конференциясы өтті.
Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым қорымен бөлінген грант бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің, Қазақ тағамтану академиясының азық-түлік мәселелері институтының, Астана медицина университетінің оқытушылары мен ғалымдары, сондай-ақ «жеңіл» табиғи минералды суды өндіретін «Көкшетау минералды суларының» қолдауымен өтті.
Су
«Астана» медицина университетінің профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының меңгерушісі, Қазақ тағамтану академиясының тамақтану мәселелері институтының директоры, академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор ЕРБОЛАТ ДАЛЕНОВ: «Жоғары сапалы сумен қамтамасыз ету - әрбір адамның денсаулығы үшін маңызды мәселе. Судың адам ағзасында атқаратын кем дегенде 25 маңызды функциясы бар. Ол дененің әр жасушасындағы электр және магнитті энергияны генерациялайды, бүкіл жасушалық құрылымды байланыстырады, ДНҚ-ны зақымданудан қорғайды және қалпына келтіру механизмінің тиімділігін арттырады, азық-түлікті энергиямен қамтамасыз етеді, содан кейін азық-түлік бөліктері осы энергияны асқорыту үрдісінде мүшеге жібере алады және т.б. функцияларды атқарады. «Жеңіл» судың жағдайында бұл процестер әрдайым тиімдірек болады. Мүмкін, су әлі де толық зерттелмеген нәрсе шығар. Өйткені біз аурудың механизмін білеміз де, бірақ денсаулығымыздың механизмін білмейміз».
Физиологиялық-толыққанды су
Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі және Қазақстан Республикасының Валеология академиясы, Көкшетау мемлекеттік университетінің су биотехнологиясы кафедрасының оқытушысы, Көкшетау минералды суларының ғылым жөніндегі директоры, гидрогеолог Евгений ПЯТОВ: «Біздің ағзамыздың ішіндегі барлық сұйықтықтың - қан, лимфа, тін және жұлын сұйықтығы - өзінің ішкі ортасы бар. Ондағы барлық заттар өте үйлесімді түрде өлшенеді және өзара байланысты. Мысалы, эритроциттер аз болса – анемия, көп болса – гипоксия. Осылай барлығында да. Сапалы су туралы айтатын болсақ, ол ең алдымен «физиологиялық толыққанды» су туралы болып табылады. Яғни оңтайлы химиялық құрамы бар, қажетті витаминдер мен физиологиялық микрофлораны (бактерияларды), ұшқыш май қышқылдарын, біздің денеміз үшін өте қолайлы заттады құрайтын су».
Жеңіл су
Қазақ тағамтану академиясының тағамтану мәселелері институтының ғылыми қызметкері, «Көкшетау минералды сулары» ғылыми қызметінің диетологы ЕВГЕНИЙ БЕКАЕВ: «Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері әлемдегі «жеңіл» судың феномені зерттеліп келеді. Г.Д. Бердышев пен И.Н. Варнавский секілді танымал ғалымдар бұл зерттеулерге өмірлерін арнап, жеңіл судың денсаулыққа әсерін және бұндай су арқылы ұзақ өмір сүру феноменін жазды. Жеңіл су бойынша ТМД және шетелде клиникалық зерттеулер жүргізілді. Суды Мәскеудің Онкология ғылыми-зерттеу институты да зерттуден өткізді. П.А. Герцен және Ресейдің онкологиялық зерттеулер орталығының карциногенез ғылыми-зерттеу институты, Блохин РМҒА, медициналық-биологиялық проблемалар институты, Ресей ғылым академиясы, Кубан мемлекеттік университеті, медициналық биофизика бойынша Болгария зерттеу орталығы, Мәскеу мемлекеттік университетінің институты да зерттеген. 2015 жылы Америка эпидемиологиялық орталығына тиімді зерттеулер жүргізіледі. Осылайша, жеңіл судың тиімділігі дәлелденді:
_зат алмасуды қалыпқа келтіреді
_радиациядан қорғау
_Ісік жасушаларының өсуін төмендетеді
_белок синтезі кезінде ДНҚ қателіктерінің санын азайту
_қартаю процесін баяулатады.
АҚШ-тың Федералды эпидемиологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, адамдар жеңіл суды тұтынатын аймақтарда қант диабеті 38%, ісік ауруы 25%, инсульт 37% және т.б. аурулардың пайызын төмендеткен. Ал жеңіл суы жоқ аймақтарда керісінше әсерлер байқалған.
ЖЕҢІЛ СУ – құрамында аз мөлшерде детерийі (ауыр сутегі атомдары) бар су. ЖЕҢІЛ ауыз суы бұл – сирек кездесетін табиғи құбылыс. ЖЕҢІЛ СУ – құрамында аз мөлшерде детерийі (ауыр сутегі атомдары) бар су. ЖЕҢІЛ ауыз суы бұл – сирек кездесетін табиғи құбылыс. Мұндай суды жасанды өндіруге болады, бірақ оның құны өте жоғары болмақ.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – қазақстандықтарға ЖЕҢІЛ суды максималды түрде қолжетімді ету және халық денсаулығы үшін оны пайдаланудың маңыздылығы бойынша білім беру шараларын өткізу. Бағдарлама еліміздің медицина қызметкерлері, ЖОО және мектеп оқытушылары, мектеп алды орындарының тәрбиелеушілері және салауатты өмір салтын ұстанып, ұзақ өмір сүргісі келетін адамдар үшін арналған.
Қазақстанда қайталанбас табиғи минералды суының жерасты кен орны бар. Ол 2011 жылы «Бұқпа» учаскесінде «Құскөл» жерасты су кен орнынан табылды. Бұл жерлер қазіргі Бурабай курорты және Көкшетау қаласы бар Көкшетау қыратында орналасқан және сонау совет одағының гидрогеологтарымен өткен ғасырдың 80-ші жылдарында ашылды. Мұз дәуірі кезінде, 15 мың жыл бұрын пайда болған көне мұздық арқылы көтерілетін TURAN ЖЕҢІЛ суы табиғи минералдарды өз бойына сіңіріп үлгереді. Оның қасиеттері қазақстандық және халықаралық ғалымдар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, А.Н. Сысин атындағы адам экологиясы және экологиялық гигиена ғылыми-зерттеу институты бальнеология кафедрасы (Мәскеу қ.), Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық реабилитология және бальнеология ғылыми-зерттеу институты, Германияның SGS INSTITUT FRESENIUS еуропалық сапа институттарымен жіті зерттелген болатын. Зерттеу деректері бойынша Қазақстандағы табиғи судағы детерийдің мөлшері осы көзден 133 мг / л белгіленген нормалардан төмен. Салыстыру үшін, Антарктика мұздығындағы су әлемдегі ең жеңіл су құрамында 89 мг / л детерий бар, әлемдегі ең танымал табиғи ауыз судың брендтері құрамында 144-148 мг / л дейтерий, қарапайым құбыр суында 150 мг / л дейтерий бар. Мұхит суы ең ауыр су болып табылады.
Жеңіл ауыз суды тұтыну мәдениеті бойынша ақпараттық-білім беру жобасы биылғы жылдың шілде айында Көкшетауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылыми қорының бөлінген ғылыми стипендиясы шеңберінде және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жол картасы бойынша басталады. 2018 жылдың ішінде бүкіл Қазақстан бойынша білім беру жұмыстары жүргізіліп, еліміздің солтүстік астанасында қараша айында аяқталады.