Үндістанның Нью-Дели қаласында тосын оқиға орын алды. 7 жастағы қыз тісінің ауырғандығын айтып, анасына шағымданады. Қызының тісі ісіп кеткенін көрген анасы оны дереу ауруханаға алып барған. Дәрігерлер қыздың ауыз қуысын рентгенге түсіріп, одонтома деген диагноз қояды. Анасы дәрігерден бұл ауру туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп беруін сұрағанда, дәрігерлер қыздың аузына 202 «артық» тіс өскендігін мәлімдеді. Сондай-ақ бұған өздері де таңданып отырғандарын жасырмады. «Бұндай оқиғамен біз бірінші рет кездесіп отырмыз. Әрине, бірнеше артық тісі болған емделушілер болған, бірақ 7 жастағы қыздың аузында 202 тіс болу деген - таңғажайып оқиға. Енді біз ол тістерді біртіндеп жұлуымыз қажет», - деді дәрігер-хирург Аджой Ройчудхари. Хирургтардың айтуынша, қыздың аузынан 202 тісті қатарынан жұлу оңайға түскен жоқ. Ота сәтті өтіп, қазір үндістандық қыздың жағдайы жақсы, деп жазады шетелдік БАҚ.
24.kz
Үндістанда 7 жасар қызға 202 артық тіс шыққан
Последние статьи автора