Тісті тазаламаса не болады? Шын мәнінде ештеме де болмайды. Тіс пастасы ауыз қуысын, әсіресе тісті ең жақсы тазалайтын зат деген - әншейін ойдан шығарылған ертегі. Тісті ең жақсы тазалайтын нәрсе жеміс жидек, көкөніс. Мәселен, алма немесе сәбіз. Бұларды жесеңіз тісіңіз тазарып, бактериялардан арылады.
Тіс пастасы ауыздағы жағымсыз иісті де кетіре алмайды. Ол иіс тісті тазаламағаннан емес, мынадай себептен болады:
Ø егер тісіңіздің құрт жеген ойығы болса иіс шығады;
Ø жағымсыз иіс асқазаныңыздан, кеңірдегіңізден келіп тұруы мүмкін.
Екі жағдайда да тіс пастасының еш көмегі жоқ, ол бар болғаны өзінің күшті аңқитын иісімен ауыздан мүңкіген жаман иісті уақытша білдірмейді. Ешкім де қолына тіс щеткасын ұстап тумаған. Тістері маржандай болған, тіс дәрігері дегенді естіп-білмеген ата бабаларымыз тістің тазалығы, саулығы ең алдымен ішетін асқа тікелей байланысты екенін білген.
Бұдан, әрине, мүлдем тіс тазалауға болмайды деген қорытынды шықпайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ дәрет алған кезде тісті мисуакпен тазалауды сүннет еткен. Сондай-ақ, мұсылмандар намазға тұрар кезде де тістерін мисуакпен тазалайды. Ал оның адамның тісінің саулығына пайдасы көп. Ескеретін нәрсе, мисуак қолдан жасалған химиялық паста емес, табиғи таза өсімдік.
Қалай болғанда да жұрттың санасына тісті паста салып щеткамен тазалау керек деген қағидат әбден сіңіп қалды. Соның арқасында біреулер миллиардап пайда табуда.
Ал, енді бүгін азқазанымызды құрту үшін зомбилау былай жүріп жатыр: "дұрыс тамақтанамын деп әуреленбей-ақ, таблетка ішсеңіз бәрі жақсы болады!" Енді біраз жылдан кейін айналаңыздағы адамдардың көпшілігі сізді "Дұрыс тамақтанамын деп, ас ішуге соншама уақыт бөліп жүрген сенің есің дұрыс емес шығар!? Мына жарнамадағы дәрілерді ішсең жетіп жатыр ғой, бұлай жүріп асқазаныңды құратсың" деп сендіретін болады. Себебі, әбден зомби болған өздері соған сенеді.
Зомби болмаңыз! Жарнамаға құлай сенбеңіз! Ең мықты денсаулық - адал, табиғи ас ішумен, дұрыс тамақтанумен ғана мүмкін болады.
shyn.kz