Тілдің қызаруы қауіпті аурудың белгісі екен
АҚШ-тағы Ұлттық жүрек, өкпе және қан институтының (NHLBI) мамандары тегіс, майлы және қызарған тіл қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін екенін анықтады.
Тілдің қызаруы - В12 дәрумені жетіспеушілігінің белгісі. Оның жетіспеушілігі зиянды анемия қаупін арттырады екен.
Мамандардың айтуынша, ағзаға сау эритроциттерді және жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын жүргізу үшін B12 дәрумені қажет. Бұл дәруменнің жетіспеушілігі жүйкені зақымдап, аяқ-қолдың шаншуы, жансыздануы, бұлшықет әлсіздігін және рефлекстердің жоғалуын тудыруы ықтимал. Мысалы абыржу, алжу, депрессия және есте сақтау қабілетінің төмендейді екен. Жүрек айнып, құсып, ентігіп, іш кеуіп, қатуы немесе диарея, тәбет те болмай кетеді. Осындай витамин жетіспеушілігінің белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгінген жөн.