Таиландта демалған Павлодар тұрғыны денге безгегін жұқтырып алды

ҚазАқпарат - Ер адамды шетелде маса шағып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz ресурсына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 37 жастағы павлодарлық облыстық ауруханаға 38 градусқа дейінгі температура, бөртпе, ентігу, әлсіздік, летаргия, балтыр бұлшықетінің, буындардың ауырсынуы секілді шағымдармен келген.

«Науқас бір апта бойы үйінде ауырған, амбулаториялық кезеңде емдеу нәтиже бермеген соң инфекция бөліміне жүгінді. Тексеру кезінде инфекционист дәрігерлер әрдайым басқа елдерге барған-бармағанын сұрайды. Жігіт осы жақында ғана Таиландтан келген, оны жәндік шағып алыпты. Ер адам шұғыл ауруханаға жатқызылды, клиникалық және аспаптық зерттеу жасалды. Диагноз - денге безгегі. Алтыншы күні пациент айығып, үйіне шықты», - деді аймақтың ДСБ.

Ведомство Павлодар облыстық ауруханасында науқастарды толық тексеру және емдеуге қажет барлық нәрсе бар екенін, дәрігерлер үнемі біліктілігін арттыратынын, шетелдік немесе жергілікті инфекциялардың кез келген түріне дайын екенін атап өтті.

«Денге - адамға масадан берілетін вирустық инфекция. Тропикалық және субтропикалық климаты бар аймақтарда жиі кездеседі. Қазақстанда тек шетелден әкелінген жағдайлар тіркеледі, бұл ауру бізге тән емес. Адамнан адамға жұқпайды. Бірақ денге безгегі қан кетіп, шок туғызатын, кейде өлімге апарып соғатын геморрагиялық қызба тудыруы мүмкін», - деді денсаулық сақтау басқармасы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста