Әлем ғалымдары әйелдерде сүт безі қатерлі ісігін тудыратын генді анықтады.
Поделиться…
Зерттеулер нәтижесі бұл болжамды растады. Қауіпті ген ауруға шалдығу мүмкіндігі жоғары әйелдердің бәрінен табылған.
Мұндай ген қазақ қыздарының қанынан анықталмады. Сонда да олардың сүт безіне шалдығуына не себеп болып отырғандығын ғалымдар тап басып айта алмай отыр.
Алматы қалалық бас онкологы Диляра Қайдарова ауруға шалдыққан адамдардың генетикалық картасы зерттелетінін айтты.
Осындай зерттеулер нәтижесінде бәріне ортақ бір ген болатыны анықталды.
Дәрігерлердің айтуынша, ол белгілі бір ауруға бейімдікті тудырады.
«Қазір медицинада BRCA1 гені сүт безі қатерлі ісігін тударытыны анықталды. Оны алдын ала білген кей адамдар сүт безін алдырып тастайды. Біз қазақ келіншектерінің ағзасына да талдау жасап көрдік. Нәтижесінде мұндай ген жоқ болып шықты. Сонда да олардың арасында ауруға шалдығып жатқандар бар. Неге олай екендігі әзірге жұмбақ», - деді Д.Қайдарова.
Мұны шешу үшін Италиядан арнайы мамандар келіп тексеру жүргізбекші.
Сондай-ақ, жалпы генетика мен цитология институты Алматы онкологиялық орталығымен бірлесе отырып ішек қатерлі ісігіне әкелетін генді анықтады.
Алматыда тұтас бір отбасының аталған геннің тасымалдаушысы екендігі анықтады.
Қазірдің өзінде олардың көпшілігінің ауруға шалдыққаны белгілі болды.
kaz.gazeta.kz