Соңғы тәулікте 64 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бір науқас қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Өткен тәулікте 64 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бір науқас қайтыс болды.
14 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 605 адам коронавирус инфекциясынан (–1 437 + және 168 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.