Скринингті не үшін өтеді және ол қалай жүргізіледі?
Ауруды ерте кезеңде анықтау – оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС бойынша жүргізіледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры скринингтердің қалай жүргізілетінін және олардан кім өтуі керектігін айтты.
Скринингтік зерттеулер дегеніміз не?
Скринингтік зерттеулер – бұл ауруларды ерте кезеңінде анықтау үшін денсаулығына шағымдары жоқ адамдардың медициналық тексерілуі.
Скринингтер қоғамдық денсаулықты сақтауға бағытталған. Оларды өту әр азаматтың міндеті. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің скринингтен өтуі үшін барлық жағдайды жасауға, оның ішінде адам асықпай тексерілуден өтуі үшін жұмыстан босатуға міндетті.
Скринингтен өту үшін пациенттің МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болуы қажет.
Скринингтік зерттеулерден кімдер өтуі керек?
Скринингтерді тексерулерде қарастырылған белгілі бір жас тобына кіретіндер өтеді. Мысалы, жатыр мойны обырын скринингтен 30-70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет өтеді.
Егер осы жылы науқас скринингтен өту үшін тізімге енгізілсе, учаскелік медбике оны скринингке шақырады және тексеруге қалай дайындалу керектігін айтады.
Скринингке жататын ауруы бойынша «Д» есепте тұрған адамдарға тексеру жүргізілмейді.
Скрининг түрлері, оларды қашан және кімдер тапсыру керек?
- МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
Мақсатты топ: 30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Тексеру артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, онкопатологияны ерте анықтауға жүргізіледі.
Өту мерзімі: 4 жылда 1 рет.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/news/othernews/skriningti-ne-ushin-otedi-zhane-ol-kalay-zhurgiziledi/