Қызылорда облысында 21 адам қарбыздан уланған
Қызылорда облысында 21 адам қарбыздан уланған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап жазды.
Жаздың алғашқы күндерінен бастап тұрғындар арасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдері мен жеміс-жидектен уланған науқастар саны өсіп келеді.
Маусым айында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдерінен (қарбыз) пайда болған жіті ішек инфекциясына шалдыққан 21 жағдай есепке алынды. Қарбыз жаздың алғашқы айында сауда сөрелерінде пайда бола бастайды. Бұл уақытта өнімдер анағұрлым қауіпті, яғни нитратпен улану деңгейі жоғары, - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, жыл сайын облыс тұрғындары арасында жұқпалы жіті ішек ауруларына шалдығу республикалық орташа көрсеткіштен 2-3 есе жоғары болып отыр.