Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

 Отандық медицина қызметкерлерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, енді медицина және фармацевтика қызметкерлерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

- Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3,42 мөлшерінде;

- Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,34 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

«Жоба Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары болады» делінген 83-тармағын орындау мақсатында әзірленді», - деп түсіндірме берілген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына.

Құжат 19 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста