Қарбыздағы нитрат мөлшерін қалай анықтауға болады?

Қарбыздағы нитрат мөлшерін қалай анықтауға болады?

Тұтынушылардың құқын қорғау агенттігі республика бойынша 10 мыңнан астам жеміс-жидектен сынама алып, соның 700-де нитраттың белгіленген мөлшерден жоғары екендігін анықтады. Ал 700 өнімнің 50 пайызы – қарбыз. Бүгінде тап осы өнімнен уланғандар саны артуда. Естай мен оның отбасы осыдан екі апта бұрын қарбыздан қатты уланып, екінші мәрте бұл өнімді ауыздарына алмастай болған. Естай Тастекеев, Астана қаласының тұрғыны -Бәріміз енді отбасымызбен ауырып қалдық. Кешке таман салқындатып жемекші болғанбыз. Жедік, 1-2 сағаттан кейін бәріміздің температурамыз көтеріліп, қарбызға қарамайтындай болдық. Естай бұдан былай кез келген жеміс-жидек құрамындағы нитратты тексеріп алу үшін, арнайы құралды сатып алғандығын айтады. «Тап осындай қондырғы ауылшауаршылығы өнімдерін өндіруші шаруаларда да болуы тиіс», – дейді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин. Жандарбек Бекшин, ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары -Нитратсыз, силитра қоспай бұл дақылдар өспейді екен. Бірақ оны дұрыстап өндірістік бақылау жүргізіп, қосу керек. Оның асып бара жатқан ештеңе жоқ. Оның бағасы да көп емес. Көп болса, 30-40 мың. Бірақ олардың нәтижелері өте дұрыс. Гүлмайра Қуатбайқызы, тілші -Қарбыз құрамындағы нитраттарды анықтаудың бірнеше халықтық тәсілі бар. Егер өнімді қақ ортасынан бөлгеннен кейін, бетінде ақ немесе сары талшықтар көзге көрініп тұрса, оны жеуге асығудың қажеті жоқ. Екінші тәсіл қарбыздың мәйегін алып, ыдыстағы суға саламыз. Су алқызыл түске боялса, бұл өнімнен мүлде бас тартқан жөн. Ал қазіргі сәтте суымыз таза күйінде сақталды. Демек бұл қарбыздың құрамындағы нитрат талапқа сай, яғни 60 миллиграммнан аспайды. «Ал артық нитраттар бауыр, бүйрек ауыруына, асқазанның қатерлі ісігіне, жүйке және жүрек-қан тамыр ауруларына алып келіп, иммунитеттің төмендеуіне негіз болады», – дейді дәрігерлер. Ақмарал Садықова, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері -Ішек инфекциясының организмдегі асқынуы көбінше бүйректің кіші дәретті шығара алмай қалуы, жедел бүйрек жетіспеушілігіне алып келеді. Тәулігіне 60-70 науқас қаралып жатыр. Соның ішінде 25-30 науқасқа жедел ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Бұл еліміздің оңтүстігіндегі жағдай. Қызылорда облысында да ішек инфекциясына шалдыққандар қатары артуда. Қарбыздан уланған адамның 1-2 сағаттың ішінде қызуы көтеріліп, басы ауырады және жүрегі айниды. Мұндай жағдайда бірден дәрігерге хабарласқан жөн. Жедел ішек инфекцияларының алдын алу үшін бау-бақша өнімдерінің сапасы мен оның дұрыс сақталғандығына ерекше мән беру қажет. Нитраттар қарбыздан бөлек, қырыққабат, қияр, сәбіз және көкшөптерде де жиі кездеседі.

khabar.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста